Войти через

  • 24°C

Суббота, 20 апреля

Балқаш көлі тартылса, елдімекендер тұзды шаңға көміледі - экологтар

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жақында Талдықорған қаласында еліміздегі барлық экологтардың басын қосқан «Балқаш-2019» дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Шара барысында Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейінінің мәселелерінің пайда болуы, динамикасы, қазіргі жағдайы  және    шешімдері қарастырылды.

«Экологиялық мәселелерді ғылыми зерттеу институтының» директоры Айжан Амангелдіқызы модератор қызметін атқарды. Аталған алқалы отырысқа еліміздің бас экологы  «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов, Байділдаев Қонысбек, Осипов Сергей сынды елімізге танымал табиғат жанашырлары келді. Балқаш  көлі  1960 жылдан бастап тартылуда, деп дабыл қаққан экологтар Аралдың күйін кешуінің  әбден мүмкін екенін айтты.

 «Балқаш көлі тартылатын болса Алматы облысының барлық елдімекені тұзды шаңға көміледі. Осының алдын алу үшін түрлі зерттеулер жүргізіп, бірлесе жұмыс жасауымыз керек», - деді Мэлс Елеусізов.

Жиынға келген табиғат саласының өкілдері Балқаш көліне төнген қауіптердің себебін де тізіп айтып берді. Олардың қатарында - атом қалдықтары қоймаларының болуы, өнеркәсіптің уытты қалдықтары агрожүйелер, дамбалар мен бөгеттер, халықтың өсуі және су  көздердің ластануы.

Спикерлер экологиялық мәселелер бойынша ұсыныстарды «Экологиялық кодекске» енгізбекші. Сонымен қатар келесі жылы көктемде халықаралық форум өткізу жоспарланған.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать