Войти через

  • 15°C

Вторник, 23 апреля

“Барша қазақтың Жақсылығы еді”. Амандық Баталов Үшкемпіровтың отбасына көңіл айтты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жақсылық Үшкемпіровтың қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

“Бүгін халқының ықыласына бөленген Батыры, әйгілі спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров ағамыз дүниеден озды деген хабарды естіп қатты күйзелдім. Ол Жетісудың ғана емес, барша қазақтың Жақсылығы еді, аты аңызға айналған саңлағы, ірісі еді”, - деп жазды Баталов жеке парақшасында 2 тамыз күні. 

“Кездескен сайын «Жақсылық болсын, амандық болсын» деп бір-біріміздің арқамыздан қағысып, арқа-жарқа болып қалушы едік. Қашан көрсең, жүзі жайдары, көзі күлімсіреп, жан-жағына мейіріммен қарайтын. Рухы қандай мықты болса, жүрегі сондай жұмсақ еді. Біз ниеттес, пікірлес едік. Көрген жерде әңгімесі елдің, жердің жағдайы, шаруашылықтардың аяқ алысы, жастарды спортқа баулу жайында болатын. Өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылығында шаршамай, талмай еңбек етті, облыстың аграрлық саласының өркендеуіне үлес қосты. Ауылдардың әл-ауқатын көтеруге, инфрақұрылымын дамытуға атсалысты. Ол өзінің қажетін өтеу үшін емес, артындағыларға үлгі болу үшін, еңбегінің жемісін елі көрсе екен деп тыным таппады. Өзінің туған ел, өскен ортасына қолынан келгенше көмектесті, көптің рахметіне бөленді.

Сіз біздің мәңгі жадымыздасыз! Жаныңыз жаннатта, топырағыңыз торға болсын, жақсы аға, қазақтың һас Батыры!”, - деді облыс басшысы.

Это может Вас заинтересовать