Войти через

  • 14°C

Пятница, 29 марта

«Бастау Бизнес» түлегі шағын асхананы мейрамханаға айналдырды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында бұрын асханада жұмыс істеген азамат мемлекеттік қолдаумен өз мейрамханасын ашты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Саид Рахметов 33 жаста. Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында тұрады.  Соңғы бірнеше жыл анасы кішігірім асхананы жалға алып келді. Саида бизнесті жүргізуге көмектесті. Кәсіпті кеңейту қажеттілігі туындаған кезде қолдау үшін ол «Атамекенге» жүгінді.

«Шонжыда жыл санап халық саны өсуде, сәйкесінше түрлі қызметтерге сұраныс артып келеді.  Асханаға келушілердің көпшілігі бізге мейрамхана ашуға кеңес беретін. Себебі дайындаған асханамыз кішігірім болса да, асымыз дәмді, әрі қызмет көрсету деңгейі жоғары болады. Сонымен бірге, ауылымызға салтанатты және отбасылық іс-шараларды өткізу үшін жаңа банкет залы қажеттілігі болды.  Осылайша мен жаңа мейрамхана салып, ең жақсы қызмет көрсетуді ұйғардым», – деді кәсіпкер.

2019 жылы Саид "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Бастау Бизнес"оқыту жобасына қатысты. Ал 2020 жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-нан 6 млн теңге несие алды.

«Біздің мейрамхана – заманауи талаптарға сай келетін жалғыз банкет залы. Сондай-ақ, біз қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қолдаймыз. 10 адамды жұмысқа алдық. Олардың қатарында  аспаз, даяшы, әкімші, техникалық қызметшілер бар. Ай сайын 10-нан астам түрлі іс-шаралар мен банкеттер өткізіп келеміз», – деп атап өтті кәсіпкер.

Еске салсақ, Алматы облысында «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылған бес жыл ішінде 6 мыңнан астам адам кәсіп ашу және дамыту үшін гранттар мен жеңілдетілген несие алды.

Это может Вас заинтересовать