Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

"Бастау Бизнес" түлектері үшін ашық есік күні өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» жобасын аяқтаған түлектердің кездесуі өтті. Бұл «Бастау Бизнес» клубын құрудың бастамасы. Аталған қауымдастықтың құрылу мақсаты – «Бастау» түлектерінің бизнестерін дамыту, өнімдерін, қызметтерін нарықта жылжыту, серіктес іздеп табу, сату нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша біріктіру.

Клубтың алғашқы отырысында 2021 жылғы Бастаулықтардан 14 адам қатысты. Кездесу барысында «Бастау Бизнес» жобасы туралы және 400 АЕК көлеміндегі гранттар бойынша жаңа қабылданған Ережелер талқыланды, сонымен қатар «Atameken Zhetysu» МҚҰ арқылы жеңілдетілген несие беру, жеке бизнес жүргізу мәселелері көтерілді.

Бұдан арғы кезеңде, Атамекен өкілдерінің тарапынан Бастау Бизнес түлектеріне осындай мүмкіндік тұрақты түрде ұсынылатын болады. Бұл - жаңа ісін бастаған кәсіпкерлердің арасында тәжірибе алмасуға, серіктестік қатынастардың орнатылуына, туындап жатқан мәселелерді анықтау және шешімін табуға жағдай жасауға жол ашады. Ең бастысы бұл кездесулер, ұзақ карантиндік күндерді артқа тастай отырып, жаңа кезеңде Бастау Клубының қатысушыларының кәсіпкерлік бастамасын жандандырудың алғы шарты болады деп үміттенеміз. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына сәттілік тілеймін және бизнес-идеялардың сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз!

Это может Вас заинтересовать