Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

"Бастау Бизнес" түлектеріне жеңілдікпен несие беріледі

TINFO
TINFO
Служба новостей
Өткен жылдары жобаны аяқтаған азаматтар «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымынан 6%-бен жеңілдікпен несие ала алады. Аудандар мен қалаларымыздағы филиал директорлары және кеңесшілері құжаттарды жинауға көмектесіп, жобаңызды қаржыландыру алғанға дейін толық сүйемелдейтін болады.

Несие кез-келген бизнес мақсатқа беріледі. Кепілзат ретінде барлық жылжымайтын мүлік жарамды.

Несие сомасы ауылдық жерлер үшін - 7,6 млн теңге, қалалар мен моноқалалар үшін — 19,9 млн теңге. Қаражат көлемі жобаңыздың іске асырылу орнына байланысты. Егер сіз Қарабұлақта тұрсаңыз, бірақ кәсібіңіз Талдықорғанда болса, онда жоба үшін қаражат қала тұрғындарына көрсетілген сомада беріледі.

Несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін. Ақшаны алғаннан кейін 12 айға дейінгі несиелік демалыс беріледі.

Сұрақтар бойынша, өтінім беру үшін аудандар мен қалалардағы жергілікті Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгіну қажет.

Это может Вас заинтересовать