Войти через

  • 23°C

Четверг, 28 марта

«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Алматы облысында 5,6 мың адам кәсібін ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей
Биыл «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасына бес жыл толып отыр. 22 қыркүйекте елордада «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жоба түлектерінің өнімдерінен көрме ұйымдастырылды жəне онлайн-форум өткізді. Оның аясында кəсіпкерлер мен олардың бизнес- тренерлері шеберлік сабағын өткізді. Осы уақыт ішінде 185 мыңға жуық қазақстандық кəсіпкерлік негіздерін оқыды.

Елбасы «Бастау Бизнес» бағдарламасына жоғары баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев бейнеүндеу жолдап, жобаны Қазақстан бойынша жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Чинкисбаева жоба аясында бес жылда Жетісу жерінде 16 464 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, 5648 жоба мемлекет тарапынан қаржыландырылғанын жеткізді.
Бастаулықтарды несиелендіру мақсатында Палата «Жетісу» ӘКК бірлесе «Аtameken Zhetysu» микроқаржы ұйымын құрды. Биыл аталған микроқаржы ұйымы арқылы 400-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Это может Вас заинтересовать