Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

Бауыржан Оспанов Алакөлде асыл тұқымды жылқы фермасын ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Белгілі кәсіпкер, меценат Бауыржан Оспанов Алматы облысы Алакөл ауданының Арқарлы ауылдық округінде асыл тұқымды жылқы фермасын ашты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

«Алакөл асыл жылқысы» ЖШС фермасының жалпы құны 988 млн теңге. 146,2 га жерді құрайтын жылқы фермасының жылдық қуаттылығы - 20 мың бас.

Жылқы фермасының салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіров пен аудан әкімі Әлібек Жақанбаев қатысты.

«Бүгін Алакөл ауданындағы үлкен қос қуаныш - ет өңдеу цехы мен асыл тұқымды жылқы фермасының ашылуына куә болып жатырмыз. Өздеріңіз көргендей бұл фермада жұмысшалар үшін өте жақсы жағдайлар жасалған. Отбасыларымен тұратын баспаналар, демалатын орындары мен кітапхана, сауна, асхана, намазхана және балалар ойын алаңы мен кинотеатр орналасқан. Бұл жерге әлемдік деңгейдегі технологиялар қолданылуда», - деп атап өтті Серікжан Бескемпіров.

Айта кетсек, асыл тұқымдылар мойнына заманауи, жылқылардың орналасқан жерін көрсететін GPS қондырғысы орнатылған. Бүгінгі күнде аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 56 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать