Войти через

  • 10°C

Пятница, 19 апреля

Белгілі ақын шаңырағында болды

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер үлкен қалалардан шалғай ауылдарға дейінгі үгіт-насихаттық жұмыстары жалғасуда. ⠀Канвассинг, яғни белгілі тұлғалармен кездесу шарасы аясында үміткер Әлия Әбсеметова белгілі ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың немересі Искаков Әуелбек Мұсаханұлының үйінде болып қайтты.
Әлия Маратқызы ақынның немересімен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсіндіріп берді.
Әуелбек Мұсаханұлы өз кезегінде салиқалы әңгімесін айтып өтіп, еліміздің жетекші партиясына сенімі мол екендігін жеткізіп, сәттілігін тіледі, жылы лебізімен ізгі ниетін білдірді.
Назарларыңызға сала кетсек, асылдың тұяғы Әуелбек Мұсаханұлы Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өлкетанушысы, өнер қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термеші мектебінің халықаралық мүшесі, көптеген кітаптары жарық көріп, бірнеше жеке көрме ұйымдастырған.
Жастайынан Әуелбек аға өз ауылының, Жамбыл ауданының дамуына үлес қосып, осы өлке игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Оның жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы еңбегі зор. Ал оның туған атасы Үмбетәлі Кәрібаев бүкіл Қазақстанға танымал, белгілі тұлға.
Шара соңында ақынның немересі батасын беріп, ақ жол тіледі
 
 
 

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Это может Вас заинтересовать