Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

«Бір терезе» қағидаты

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5 қыркүйек – 24 қараша аралығында Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентінде «Бір терезе» қағидаты бойынша тұрақты тегін қызметттер көрсетілуде.

Аталған бағыттағы шара аудандық жұмыспен қамту орталығының ғимаратында ұйымдастырылып, азаматтардың түрлі сұрақтары қарастырылуда. «Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ, «Тең қоғам» мүгедектерді қолдау орталығының мамандары және басқа да сала мамандары аудан тұрғындары, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың түрлі мәселелердің шешілу жолдары және тағы басқа сұрақтарын қарап, тиісті жауаптарын беруде. Мүгедектігі бар азаматтарға заңгерлік, психологиялық, сонымен қатар әлеуметтік қызметтері көрсетіліп, қатысушылар тарапынан түрлі гранттарға қатысу сынды сұрақтар жиі көтерілуде. Осы орайда, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз грант жайлы түсіндіріліп өтіп, қатысу жолдарымен механизмі жайлы толыққанды ақпарат берілді.

Это может Вас заинтересовать