Войти через

  • 19°C

Четверг, 18 апреля

«Бизнестің жол картасы 2025» аясында несие сомасының 85%-ына дейін қалай кепілдік алуға болады?

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге несиенің мөлшерлемесін 6%-ға дейін азайтып, несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік алуға мүмкіндік бар. Шарттарына тоқтала кетейік:

 Бағдарламаның 1-бағыты бойынша жобаны субсидиялау шарттары:
 Максимал сома:
 инвестиция үшін - 20 млн теңгеге дейін
 айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн теңгеге дейін
 Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%-құрайды

 Бағдарламаның 2-бағыты бойынша жобаны субсидиялау шарттары:
 Максимал сома: 7 млрд теңгеге дейін
 Сыйақы мөлшерлемесі - субсидия есебінен 6%-құрайды

 Несие аларда банк талап еткен кепілдікті түгел ұсына алмаған кәсіпкерге бағдарламаның бірінші бағыты аясында: «Микро және шағын кәсіпкерлікке портфельді кепілдік» қарастырылған. Ол бойынша:
 Максимал сома: 20 млн теңге;
 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы

Бағдарламасының екінші бағыты аясында: «Индустриал-инновация қызметіндегі кәсіпкерлерді салалық қолдау» үшін кепілдік бар.

 Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін:
 Максимал сома: 360 млн теңгеге дейін
 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85 %-ына дейін

 Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін:
 Максимал сома: 1 млрд теңгеге дейін
 Сауда саласындағы максимал сома: 100 млн теңгеге дейін
 АҚТ үшін макимал сома: 500 млн теңгеге дейін
 Кепілдік көлемі: несие сомасының 50%-ына дейін

Кепілдіктер несие мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Бағдарламаға кім және қандай шартта қатыса алатыны туралы толық ақпаратты Қордың https://www.damu.kz сайтынан немесе 1408 қысқа нөміріне (тегін) қоңырау шалып анықтай аласыз.

Это может Вас заинтересовать