Войти через

  • 20°C

Четверг, 18 апреля

Бүгін «Атамекен» алаңында облыс әкімі Жетісу Бейбіт Исабаев бизнес-қоғамадстық өкілдерімен кездесті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Іс-шара Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 19 мамырында айтылған тапсырмасын орындау, республикада бизнесті қорғаудың экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру аясында өтті, tinfo.kz хабарлайды

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев атап өткендей, жиын Жетісу облысы құрылғаннан кейін өңір басшысымен ұйымдастырылған алғашқы ірі кездесу.

 

 

 

 

 

 

 

«Осыған дейін Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен бірлесіп өзекті мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Палатаның салалық комитеттерінің бизнес-қоғамдастықпен өткізген алдын ала жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша түрлі мәселелер көтеріліп, ұсыныстар топтамасы әзірленді», – деді облыстық палата басшысы.

Сұрақтарды жан-жақты қарау және тиімді шешім жолдарын іздеу мақсатында кәсіпкерлермен кездесуге «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелері, прокуратура органдарының басшылары, аумақтық, жергілікті атқарушы органдардың және даму институттарының басшылары қатысты.

Атап айтқанда, кәсіпкерлер жергілікті өндірушілерді қолдау, баға белгілеуді реттеу, өнімді өткізу мен сату мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сұрақтарын, мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласу жағдайларын мәселе ретінде көтерді.

Қаратал ауданының пияз өсірушілері бағаның өсуіне және мемлекеттік қолдаудың болмауына байланысты өнімді өткізу мен жеткізуді реттей алмай отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ, фермерлер өңір басшысының назарын ауыл шаруашылығы техникасы мен тамшылатып суаруға арналған жабдықтарды сатып алудағы жоғары бағалар мен талаптарға аударды. Кәсіпкерлердің айтуынша, уәкілетті органдар тарапынан тексерулер саны мен қысым азаймаған.

Сондай-ақ, өнеркәсіп өкілдері Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, кейін істен қылмыстық құқықбұзушылық құрамы анықталмауына байланысты тоқтатылған жағдайға назар аударуды сұрады.

«Қайнар АКБ» ЖШС өкілінің мәліметіне сәйкес, Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғау жүйелі сипатқа ие болуда.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Бейбіт Исабаев мемлекеттік органдардың басшыларына кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін еске салды. Кездесу соңында облыс әкімі осы форматта жылына екі рет кездесу өткізуге дайын екенін білдірді

 

Это может Вас заинтересовать