Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

«COVID симптомдарын бастан өткерудемін». Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясына шалдыққаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қазіргі таңда депутат ауруханада ем алуда.

«Қадірлі ағайын!
Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр.
Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.
Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын.

Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!», - деп жазды Тілеухан.

Фото: instagram.com/bekbolat.tleukhan/

Это может Вас заинтересовать