Войти через

  • 16°C

Среда, 24 апреля

Депутаттар мектептердің жөнделу мәселелерін қарады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық мәслихатындағы  «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Күн тәртібінде депутаттық фракция мүшелері ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асыру барысы, партияның облыстық сайлауалды бағдарлаамсын іске асыруда Жол картасының 79-80 тармақтарының орындалу барысы және облыстағы кітапханалардың қазіргі таңдағы жағдайы жайында облыстық білім басқармасы басшысының м.м Гүлсара Исағұлова есебін тыңдап, сауалдарын қойды.

Гүлсара Исағұлова өз баяндамасында «2021 жылы 23 білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына 9,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 21 мектептің ғимаратын жөндеу (оның 7-уі 2020 жылдан өтпелі), 2020 жылдан өтпелі 1 балабақшаның  жөндеу жұмыстарын аяқтау, 1 зерде бұзылыстары бар мектеп-интернатының кәріз жүйесі мен ауласын абаттандыру жұмыстары. Бүгінгі күнде 2020 жылдан өтпелі 7 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Римма Салықова білім беру нысандарының құрылысын депутаттар жеке қабылдауға алып, алдағы уақытта өңірлерге шығып, жай-күйімен танысып шығатынын атап өтті.

Шара соңында фракцияның шешімі қабылданып, берілген ұсынымдар бойынша тиісті басқармаға орындау үшін жіберілді.

Это может Вас заинтересовать