Войти через

  • 16°C

Воскресенье, 13 октября

Еңбек өнімділігі арта түспек

TINFO
Служба новостей
Алдағы бес жылда өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 жоба іске аспақ. Мәселен, жылына 27 мың бас ірі қараны бордақылайтын 30 алаң салынбақ. Нәтижесінде 162 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 8,7 мың басқа арналған 22 сүт-тауар фермасы іске қосылады. Ұйғыр ауданында 300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар құс фабрикасы салынады. Міне, осындай тақырыптарды арқау еткен жиын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Б.Жасыбаевтың қатысуымен Сарқан ауданындағы орталық базарда өтті. Кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылар етжеңді жұмыстарды таныстырды.
- Партияның сайлауалды бағдарламасында өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта түзу басты назарға алынған. Осы бағытта келелі жоспарларымыз бар. Мәселен, қолайлы аймақ түзу үшін ондағы қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіміз тиіс. Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қолайлы орта түземіз. Сол бағытта өңірде 890 га жеміс бағы тұрғызылады. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылыжайлардың да рөлі басым. Қыс бойы көгөністі өзге өңірлерден, шетелден тасуға мәжбүр болмас үшін 34 гектар жер көлемін алатын 2 жылыжай салынады. Одан өзге жеміс-көкөніс сақтайтын заманауи қоймалар да салынады, - деді Б.Жасыбаев.
Осындай келелі жұмыстар нәтижесінде 2025 жылға қарай 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал еңбек өнімділігін 2,5 есеге, яңни 6 млн. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бар.
 
 
 

 «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 
 

Это может Вас заинтересовать