TAZAKZ
  • 10°C

Воскресенье, 12 апреля

Еңбекшіқазақ ауданында «Абай» оқулары онлайн түрде өтті

TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты облыстық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Абай» оқулары онлайн байқауы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» номинациясында жүлделі 1 – орынды Бәйтерек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сембинова Айгерім жеңіп алса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында 1 – орынды Бәйтерек орта мектебінің 8 сынып оқушысы Игерді Ақтолқын, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша жүлделі 2 – орынды Т.Қабылов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ниязбек Шұғыла иеленді.

Байқаудың жеңімпаздары Сембинова Айгерім мен Игерді Ақтолқын тамыз айында өтетін «Абай оқуларының» республикалық онлайн байқауына қатысып Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Это может Вас заинтересовать