Еңбекшіқазақ ауданында азаматтық қоғам өкілдерімен жиын өтті
«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Жиын барысында еліміздің дамуы жолында азаматтық қоғам институттарын құрудың маңыздылығы жайлы айтылды.
“Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның кез келген мәселесін шешетін билік пен халық арасындағы байланыс көпіріне айналды. Сонымен қатар қоғамда ынтымақ пен ауызбіршіліктің болуына үлесін қосып келеді. Ел Президенті өз жолдауын азаматтық қоғамды дамыту, сол арқылы билік пен бұқара арасына алтын көпір қалыптастыруды қолға алу қажеттігін нығырлап айтып жүр. Шыны керек өазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қарқын бар. Олар өз қоғам алдындағы миссиясын жүйелі атқарып келеді”, - деді «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев.
Жиын барысында қатысушылар жан-жақты пікір алмасты.