Войти через

  • 15°C

Суббота, 20 апреля

Екі оғыздан – Шеңгелдіге дейін!

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ұлы Жібек жолы – Батыс пен Шығысты байланыстырған үлкен керуен. Бұл арқылы әлем елдері бір-бірімен сауда-саттық, мәдени - әдеби байланыс жасап, тығыз қарым-қатынас орнатқаны анық. Ресми деректерге сүйенсек, сонау Римге дейін барғаны айтылады. Осы көштің арқасында біздің эрамызға дейінгі мыңжылдықтарда өмір сүрген тайпалардың барын тарихи жазбалардан білеміз. Яғни, сол кезеңдерде қала болып, ондағы озық өркениеттің үлгілерін әспетеген жазбаларды кездестіресің. Тіпті бұл қалашықтарда құбырлар тартылып орталықтандырылған жүйенің сол кезде-ақ пайдаланғаны деректерде жазылып келеді.

Осындай тарихи сырға толы орынның бірі – Қапшағай өңіріне қарасты, Шеңгелді аумағындағы «Екі оғыз қаласы» болмаса «Ілебалық қаласы» депте аталып жүр. Қазіргі Іле өзенінің бойында орын тепкен қалашықты басып өтіп, сол керуен ары қарай Қытайға жол тартқан. Яғни, мұндай сауда жолының пайдасы да сол бойлай жатқан халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсарып, оңтайлы өмір кешуіне септігі де мол болған. Ондағы мәдениет пен діндер, сан тілдердің аралас-құраласуына ықпал еткен. Сол арқылы халықтар арасында байланыс түзілген. Бүгінде аталмыш тарихи жерге байланысты дереккөздер жоқтың қасы деуге болады. Десекте, тамтұмдалған интернет желісіндегі жазбаларда көрсетілгендей, Ұлы Жібек жолы Тәлхизден басталатын теріскей жолы Талғар өзенін қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне дейін келіп, одан Шеңгелді үстімен Алтын Емелді, Көксу алқабына түсіп, Екіоғыз қаласына жетеді делінген. Вильгельм Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған екен. Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылған. Онда 1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада «сарациндер» (иран көпестері) тұрушы еді— деп жазған екен. Сол секілді «Қазыналы Қапшағай» туындысында, 1856 жылы қазақтың маңдайына біткен аяулы перзенті Шоқан Уәлиханов Қапшағай аймағынан өтіп, таңбалы таста бейнеленген суреттерді өзіне сызып, көшірмесін алғанын, ол ата-бабаларымыздың бағзы замандағы қолтаңбасының бейнесі деген. Шеңгелдіден өтіп, осы жерден ежелгі су айдау жүйесін көргенін, сол жерден құбыр тапқанын анық жазады.

Ал, белгілі тарихшы, Жазушылар Одағының мүшесі, өлкентанушы Жұмахан Қожамқұлов: «Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шеңгелді ауылының тарихы, Ұлы дария Ілемен тығыз байланыстырады. Бұл аймақта кезінде 200-700 жылдарда үйсін, ғұн, қаңлылардың, қарлұқ қағандығының өмір сүргенін айтады. Ол кісі де Шоқан Уәлихановтың 5 томдық кітабында да белгілі этнограф, ғалым Екі оғыз қалашығының барын нақты жазады дейді. Ендігі бір деректер бойынша түрік ғалымы Нарынқолдағы Хан Тәңірі тауында тоқтап, Нұқ пайғамдар үш баласына 3 кеме жасатқан көрінеді. Соның 3-ші баласының кемесі осы шыңда қалып қойып, сол кемеден Жетісу өлкесіне түрік елі жайылады делінген. Демек, түрік мемлекетінің ордасы осы аумақ болған деседі. Одан басқа, Изучи тайпасы турасында да қызықты деректер бар. Бұл қытайша изучи, қазақша Ұлы жүз деген мағынаны берген. Негізінен изучилер тайпасы – жалайырлар болған екен. Яғни, кезінде көрші елдің территориясында хундармен шайқаста жеңіліс тапқан бұлар, жетісуға ауып, Іленің бойына тұрақтаған. 

Бұлардың дәуірі өткенсін, оны үйсіндер басып, оларда осы төңірекке қоныстанып, астанасы Чигу қаласының болғанын  қытай саяхатшысы Джан Санда, тарихшы Иакинф Юэжчи өз жазбасында ситтаған. Бұл біздің бабаларымыздың аталған аймақта өмір кешкенін, жүріп өткен жолдарын байқатады. Жалпы, бертін 1965 жылы Шеңгелді балықшылары екі баланың мүрдесін тауып, онда асыл тостақтар, қымбаттық бұйымдардың бары анықталады. Бұндай жаңалықты естіген белгілі ғалым, академик Карл Байпақов өзінің жұмыс тобымен келіп археологиялық қазбалар жасап, қала орынын зерттейді. Олардың айтуынша, шаһарды 10-12 ғасырға жатқызады. Сондай-ақ, 1852-53 жылдары Ресей елінен арнайы экспедиция келіп Іленің бойынан сонау Құлжаға дейін зерттеу жүргізіп, жаңағы аумақтың тереңдігі, енді, ұзындығына дейін тексереді.

Бұл топты генерал Гасфорд басқарып келіп, саралаудан кейін губернатор Горчуковқа хат жолдап, онда аталмыш орынның жүк тасымалдауға, яғни саудаға ең қолайлы екенін, Іленің бойымен, Балқашты басып өтіп Құлжаға дейінгі аралықты зерделеп шыққандарын жазады. Демек, ол Ұлы Жібек Жолы керуенінің жүріп өткен 5 жолың біреуі болғаны анық белгілі болады. Жоғары да атап өткендей Шоқан Уәлиханов Шеңгелді маңайына келгенде құбырлар тапқан. Ол құбырлар бір-біріне киілетіндігі, бұл қаланы жер асты сулармен тіршілік нәрімен қамтамасыз еткендігі тұжырымдалған. Ең қызығы осындай келтірілген деректерден сол заманда өркениеттің дамығанын озықтығын байқауға болады. Мұндағы таңбалы тас петроглифтерінде зерделеген ғалым, оның көшірмесін түсіріп алғандығын да жазған.

Негізінен көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің айтып, қағаз бетіне түсірген қолтаңбаларынан және қапшағайлық тарихшы Жұмахан Нұрлыбайұлының айтқан осы деректерінен бұрынырақта Шеңгелді ауылының орнында Екі оғыз қалашығының болғаны, толық болмаса да зерттеліп, осындай қортындыға келгендері айқын. Жалпы, Қапшағай өңірінің аумағын да тарихи жәдігерлерге де толы екенін аңғарамыз. Яки, Бесшатыр қорғаны, ел басқарған билеушілердің обаларының, ескерткіштердің, тіпті Жүз тоғайдың бары. Онда аң-құстың әр түрі, суында сан алуан балықтардың мекендегені де Шоқан еңбектерін де көрініс тапқан. Кейін келе Қапшағай ГЭС-ң салынуынан осы ғажайып тарихи дүниелер су түбіне келмеске кеткен деседі.

Это может Вас заинтересовать