Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Ел болып, бірігудің кезеңі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Күні кеше ғана мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев 20 қараша күнге кезектен тыс Президент сайлауын белгіледі. Бұл жаңа Қазақстанның даму жолындағы игі бастамалардың бірі деп есептеймін, tinfo.kz хабарлайды

Әлемдік аренада түрлі тұрақсыздықтар күшейіп, мемлекеттер ішінде және елдер арасында қақтығыстар көбеюде. Бұл өз кезегінде әр мемлекетте саяси жүйені қайта қаралуына қажет етіп отыр. Ел ішіндегі жүріп жатқан саяси реформалар және елдің болашағын айқындайтын түрлі бастамаларды біз ел болып бірге қолдауымыз қажет. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, барлық бастамалар халық үнінен шығып отырғанын аңғартып, бұл саяси науқанның президенттің жаңа саяси бағдарын іске асыруда жаңа сенім мандатына ие болу үшін көзделіп отыр. Бұл қалыпты құбылыс және қазақстандықтар бұл сайлауда белсенділік танытып, мемлекет тізгінін ұстайтын азаматты айқындауы қажет!

Досан Каримов – Жетісу облыстық мәслихат депутаты

Это может Вас заинтересовать