Войти через

  • 9°C

Пятница, 19 апреля

Елбасы сыныптастарымен кездесу

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 25 қарашада Қарасай аудандық кітапханасы мен Қарасай аудандық тарихи- өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Ел сенімін ақтаған Елбасы» атты тақырыпта облыстық конференция өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шара Ұлт басшысы, Елбасымыздың еңбек жолын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеуге бағытталды. Ұйымдастырылған іс-шараға Елбасының сыныптастары, қоғам қайраткерлері шақырылды.

Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Серік Мақұлбекұлы модераторлық етуімен басталған конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен бастау алды.

Іс-шара барысында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбавтың сыныптастары Едіген Исатұлы мен Жомарт Исабекұлы сөз алып, мектеп кезіндегі жақсы естеліктерімен бөлісті. 

Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы- жас қазақстандықтар үшін үлгі мен өнеге тағылымның мектебі екенін айшықтайтын бейне ролик көрсетіліп, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Елбасы - кемеңгер көшбасшы» атты кітап көрмесі ZOOM платформасы арқылы онлайн таныстырылды. 

Сонымен қатар, «Коворкинг» орталығы жанынан ашылған «Өлең сөздің патшасы...» атты клуб мүшелері Елбасына арналған өлең шумақтарын тарту етсе, Қарасай аудандық мәдениет үйінің әншілері өз әндерімен кешке патриоттық рух сыйлады.

Это может Вас заинтересовать