Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Есімдері ел есінде мәңгі сақталады...

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жетісу өңірінің дамуы жолында талай азаматтарымыздың еңбегі еселі екені баршамызға аян. Солардың ішінде туған жерінің өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған абзал жандарымыздың аты-жөнін атап өтемеске болмайды. Олар Жақсылық Үшкемпіров, Серікжан Бескемпіров, Гүлжиян Сүлейменова, Жолан Омаров...

Төрткүл әлемді тік тұрғызған пандемия салдары осы аталған еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтарымызды да айналып өтпеді. Жүрекке қаяу түсіріп, көңілді босатқан бұл жағдай біздің есімізде.

Мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығымен спорт, ішкі саясат саласында тау тұлғалы Жақсылық, Серікжан ағаларымызбен, игі бастамалардың қасында болған Гүлжиян Мағданқызы, халқының алғысына бөленген Жолан ініміздің еңбегі ерең.

Абзал жандарымыздың қасымызда жоқ болғанына бір жыл толмақ..... Асыл ардақтыларымыздың еліне жасаған еңбегі мен қомақты үлесін және жарқын бейнелерін біз ешқашан ұмытпаймыз.

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев

Это может Вас заинтересовать