Войти через

  • 8°C

Среда, 24 апреля

Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Ескелді ауданында сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімдіктегі бес бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта жеті маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді.

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қатысып, жоба Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті.

Алматы облысында осындай 13 сервистік әкімдіктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда.

Айта кетейік, жаңа форматтағы әкімдіктер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен іске асырылуда.

Это может Вас заинтересовать