Ескелді ауданында мансаптық бағдар беру кездесуі өтті

TINFO
Служба новостей

Ескелді ауданының Мансап орталығы Алдаберген ауылдық округіне қарасты Жастар ауылындағы Көксу ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды қазіргі еңбек нарығындағы өзекті мүмкіндіктермен таныстырып, болашақ мамандық таңдауда қолдау көрсету.

Кездесу барысында орталық мамандары студенттерге «Мансап компасы» жобасы туралы толыққанды ақпарат беріп, олардың кәсіби бағдарын анықтауға көмектесті. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еңбек жолындағы алғашқы қадамдар жайында жан-жақты мағлұмат алды.

Мансап орталығының қызметкерлері қазіргі таңда нарық сұранысына ие мамандықтар мен жұмыс орындары туралы және мемлекеттік қолдау тетіктері, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмысқа орналасу жолдары жайында ақпаратпен бөлісті. Олардың айтуынша, дұрыс таңдалған мамандық – табысты мансаптың іргетасы.

Мұндай кездесулер студенттердің еңбекке бейімделуіне, кәсіби дағдыларын шыңдауға, әрі болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мол мүмкіндік береді. Жастарға нақты бағыт-бағдар беру – ел болашағына салынған сенімді инвестиция.

Это может Вас заинтересовать