Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Ескелді ауданында өрелі істер бар

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізгеніне біршама уақыт болды. Қ.Тоқаевтың мұндағы үндеуі халықтың жайына болысатын, тұрғындардың үніне құлақ асатын, ел азаматтарының түрлі қажеттілігін өтейтін мемлекетке айналу. Қажеттілік демекші, халықтың аса қажеттілігі сапалы жол, қол жетімді баға, таза ауыз су, тағысын тағы. Осы бағытта еліміздің бар аймағында қайқарлы тірлік бар. Оны аңғару үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Жетісу облысының орталығына іргелес жатқан Ескелді ауданына көз жүгіртсе жетіп жатыр, tinfo.kz хабарлайды

Сапалы жол қауіпсіздік кепілі

Жолдың жайы – бұрыннан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. «жол қадірін жүрген біледі» деген тәмсіл де оның машақатын түсінгендер тарапынан айтылса керек. Ал мұндай олқылықты болдырмау – бүгінгі заманның талабы. Талап пен үдеден шығу мақсатында Ескелді ауданында сапалы жол салу қарқынды жүруде. Әуелі мемлекет тапсырмасын орындай мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға ойыссақ. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұрхан бұлақ» сарқырамасына баратын жолды қайта жаңғыртуды тапсырған еді. Алдағы уақытта атаулы сарқырамаға баратын 50 шақырым жол қайта жөнделіп, аудандағы туризм әлеуетін арттыруға қадамдар жасалады. Сонымен қатар, туризмнің негізгі бір нысаны «Тау-Жетісу» туристік құрылымына апаратын балама жол салу мәселесі қарастырылып, аталған нысанға жеткізетін қолданыстағы жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Аудан ішіндегі жолдардың сапасын жақсартуда да ілкімді тірлік бар. Мәселен, ағымдағы жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге және күтіп ұстау бағытында 1,4 млрд. теңге бюджеттен қаралған еді. Осы қаржыны игеру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қаржы игерілсе аудандық маңызға ие 26 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді деп күтілуде. Алдағы уақытта жол сапасын жақсарту жайы да қалыс қалмайды. Жоспарлар бекітіліп, жаңа жобалар қолға алынуда. Мәселен, «Талдықорған-Текелі» жолын орташа жөндеу және Бақтыбай ауылына кірме жолдағы көпірді күрделі жөндеу бойынша техникалық құжаттама әзірленді.

Сапалы ауыз су тұрғындар саулығының кепілі

Бүгінде сапалы ауыз су мәселесі әлемдік күрделі проблемалардың біріне айналып отыр. БҰҰ Бас ассамблеясының өткен жылғы мәліметтері бойынша, қазір дүние жүзінде 889 миллион адам ауыз судан тапшылық көріп отыр. Ал 2,6 миллиард адам су жетіспеушілігіне байланысты зардап шегіп антисанитарлық жағдайда өмір кешуде. Планетамызда барған сайын сапалы тұщы су қоры азайып келеді. Ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде кеңінен көсіліп жатқан қазақ жері де сапалы су көздеріне зәру. Дегенмен, тұрғындарды сапалы сумен қамтуда үкіметтің көп жылдық реформалары өз нәтижесін беруде. Оған көз жүгірту үшін, көз жеткізу үшін Ескелді ауданындағы ауқымды тірлікке назар аударса жеткілікті.

Биыл аудан орталығы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының көп жылдан бері шешімін таппай келген сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етілуі және судың қысымын арттыру мәселесі шешілді. Одан өзге жақында ғана Бақтыбай ауылындағы су құбырының ақауларын жөндеу аяқталып, елді мекен тұрғындары таза һәм сапалы ауыз суға қол жеткізді. Сондай-ақ, ауыз су мәселесінің шешімсіздігінен әбден зардап шеккен ақтұмалықтар да жуырда таза судың рахатын сезінбек. Жуырд Ақтұма елді мекеніндегі ауыз су желілерінің құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Дәл осындай жағдай Сырымбет ауылында да орын алуда. Мұндағы ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, желтоқсанда сырымбеттіктер таза суға қол жеткізеді. Ақешкі ауылында да ауыз су желілері жөндеуден өтуде. Бүгінде қайта жаңғырту жұмыстары 90 пайызға аяқталып отыр. Есесіне Алдабергенов ауылында ауыз су желісін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Мұндағы жұмыстар келер жылдың маусым айында толық аяқталып, ауыл тұрғындары таза судың рахатын сезінеді деп күтілуде. Тағы бір жайт, жақында Ескелді ауданының Жаңалық, Жалғызағаш, Ақтасты және Қарабұлақ ауылдарын ауызсумен қамтудың жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың екінші тоқсанында басталады деп күтілуде.

Су тақырыбына ойысқан соң, тарқата жөнелейік. Ауданда үлкен маңызға ие Қора өзенінен салынып жатқан Қора ГЭС-3 құрылысы да іркіліссіз жүруде. Аталмыш ірі жобаның құрылысы 2023 жылдың қазан айында аяқталып, іске қосылады деп күтілуде. Жоспарлы түрде басталған егіндік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етуді көздеген арналарды қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. 2018 жылы Ислам Даму БАнкі есебінен қаржыландырылған жоба аясында 258 шақырымды құрайтын 88 арна қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде аудан көлемінде 4 мың гектар алқапқа су жеткізу оңтайланған.

Ауданда көгілдір отын қолжетімді бола түсті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бір сөзінде тауарлы газ өндірісіне қажетті жаңа зауыттар салынып, оның өндірісі 30 миллиард кубқа жететінін айтты. Ал мұндай өндірісті игерген уақытта ел халқының 60 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді екен. Шын мәнінде ел президенті қаладағы және ауылдағы ағайынның от тұтатып, көмір жағатын сәттен айыруға қам қарекет қылуда. Соны айқын көрінісі болар, ескелділік ағайын күн санап көгілдір отынға қол жеткізу мүмкіндігі артуда. Аудан орталығы Қарабұлақ ауылының тұрғындағы бүгінде газбен әбден қамтылған. Сырымбет және Өрқұсақ ауылдарына газ құбырлары тартылған. Ендігі жерде ауданға қарасты ауылдар кезең-кезеңімен көгілдір отын желісіне қосыла бермек.

Ескелді ауданының Екпінді ауылына жуырда газ тарту жүйесі іске қосылады. Дәл осындай процесс Алдабергенов ауылында да жүзеге асып, қос елді мекеннің тұрғындары табиғи газдың рахатын сезінеді. Атаулы жұмыстар толықтай жүзеге асқанда ауданда 10 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қазан айында Байысов, Теректі, Қаратал елді мекендеріне газ желісін тарту жұмыстарын жүргізу жайында келісім-шарт жасалды. Аталмыш құрылыс жұмысын жүргізу үшін республикалық қаржы қалтасынан 1,7 млрд. теңге қаралып отыр. Тап қазір құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұйыртса, байысовтықтар, қараталдықтар, теректіктер 2023 жылы көгілдір отынның игілігін көреді. Себебі құрылыс жұмыстары келер жылдың маусым айында аяқталады.

Келер жылы ауданда газ желісін тарту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілмек. Өйткені, қазір ауданға қарасты Жетісу, Шымыр, Жаңалық, Абай, Өтенай, Ешкіөлмес, Жастар ауылдарын газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, даяр тұр. Жоспарға сай газ желісін тарту жұмыстары келер жылдың екінші жарты жылдығында басталады. Сонымен қатар, келесі жылдың басында Жалғызағаш, Қайнарлы, Ақтасты, Биғаш ауылдарына газ тарту жұмыстарының жобасын әзірлеу басталады. Осылайша 2025 жылы Ескелді ауданын толықтай газбен қамтамасыз етіледі.

Ескелді ауданының тұрғындарының маңызды қажеттілігі осылай өтелмек. Мұндағы ағайын таза ауыз суды, жолды, көгілдір отынды мәселе етер күн өткеннің еншісінде, кеткеннің көлеңкесінде қалдырады. Бастысы Жаңа Қазақстанның жаңа ауданы кейіпімен гүлдене түспек.

Д.Садық

Это может Вас заинтересовать