Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Іле ауданында Абай мен Шоқанның муралы салынды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Іле ауданында Абай Құнанбайұлы мен Шоқан Уәлихановқа арналған екі мурал салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Жоба ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен Өтеген батыр ауылында салынды.

С.Қолдасов көшесінің бойындағы №19 үйдің қасбетіне қазақтың ұлы ақыны композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың алып суреті салынды. Муралға данагөйдің «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» - деген адамды әрбір басқан қадамына ақылға салар асыл сөзі жазылған. Аталған мурал Хакімнің 175 жылдық мерейтойы қарсаңында салынды.

Ал екінші мурал Абай көшесі №23 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың бейнесі бейнеленген. Мурал ағартушының "Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.

«Осындай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәр­биелеуге арналған», - деді Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов.

Это может Вас заинтересовать