Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Іле ауданында екі мектеп салынып жатыр

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Іле ауданында екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бірі 900 орынға, екіншісі 600 орынға арналған, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында аудан әкімі Бағдат Қарасаев хабарлады. Екі мектеп те Қараой ауылдық округінде салынуда.

Біріншісі - Қараой ауылындағы 900 орындық мектеп.  Екіншісі - Қосөзен ауылындағы 600 орынға шақталған мектеп. Құрылысы енді басталған.

«Бұл ретте айта кетерім, елімізде төтенше жағдай орын алғанымен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы тоқтамауы тиіс! Ондағы басты талап санитарлық нормаларды сақтау. Бұл шаралар өз кезегінде қатаң ескертілді!», - деп жазды аудан басшысы.

https://www.instagram.com/p/B-mzZxGD8hm/

Фото: Интернет.
Видео: Іле ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать