Войти через

  • 15°C

Вторник, 23 апреля

Өңірде 101 мектеп қайта жаңғыртудан өтеді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Өңірде үш ауысымдық мектеп деген өткеннің еншісінде қалып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек. Міне, осындай тақырыпты арқау еткен жиын облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Абзал Омарқұлов ZOOM платформасы арқылы өтті. Жиынға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жалпы елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамтуда да нәтижелі жұмыс байқалады.
- Жалпы өңірде 867 балабақша, 760 мектеп, 76 колледж бен 2 жоғары оқу орны бар. Партия алдағы уақытта білім саласының нысан сандарын ұлғайтпақ. Себебі үш ауысымдық мектептерді азайту не мүлдем жою негізгі тақырып болып тұр. Осы бағытта Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынбақ. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 10 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отырмыз, - деді облыстық мәслихатқа үміткер Абзал Қасымұлы.
Сондай-ақ, партия қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын компьютерлік техникамен толық қамтуды қамдастыруда. Осынша жүйелі жұмыстың нәтижесінде өңірде ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің үлес салмағы 24 пайыздан 35 пайызға ойыспақ.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлауқорының қаражатынан төленді



Это может Вас заинтересовать