Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Өңірде 1968 орындық жатақханалар салынбақ

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қоғам белсендісі, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова Ақсу ауданына атбасын бұрып, осы ауданның құрметті азаматы, өмірінің елеулі бөлігін аудан дамуына арнаған Кеңесбек Байдалиннің шаңырағында болды. Алтынқұрсақты ананың мұндағы мақсаты ел сыйлаған ақсақалдың батасын алу және партия мақсат-міндеттерін түсіндіру.

Кеңес Байдалин саналы ғұмырын Ақсу ауданының өсіп-өркендеуіне арнаған тұлға. Балалық шағын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өткерген асыл азамат ел басына түскен талай нәубетті, мамыражай сәттерді көзбен көріп, көкірекпен сезінген тұлға тәуелсіз Қазақстанның өрісті бүгініне сүйсініп қарайды. Мұнан бөлек, өскелең ұрпаққа бағыт беріп, жөнді жолмен жүруге шақырып отыратын ақсақалдығы бар. Елге сыйлы азаматтың шаңырағында болған Ә.Маратқызы мен Ақсу аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Күләйхан Дәулетбекова Кеңес Байдалиннің келелі әңгімесімен сусындады. Әсіресе, «намысын бермеу үшін жатқа қолдан, арулар аз болмаған атқа қонған» дегендей, қазақ қоғамының өркендеуіне үлес қосушы ару-ана рөлі жайында тарихи-танымдық тақырыптар да қаузалды. Мұнан соң, Ә.Әбсеметова «Nur Otan» партиясының ел өткені, бүгіні және келешегі жолындағы елеулі еңбегін баяндады. Шыны керек, партия қашанада қазақстандықтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасап келеді. Ел басына бұлт үйірілгенде де қарап қалмады. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті. Одан бөлек, әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берді. Бір емес, жеті мәрте. Міне, халық партияның осындай игілікті істерін біледі. Мұнан өзге ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер қоғам белсендісі партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра кетті.

- Ана, қоғам белсендісі, ұлт жанашыры һәм журналист ретінде партияның жұмысына елдің көңілі тояттайтынын көріп, естіп жүрмін. Нақ істер партиясы сайлауалды бағдарламасында елді қиын-қыстау сәтте өрге сүйреуді мақсат еткен. Қазақ «балам-болашағым» деп өмір сүреді. Балаларымыздың яғни жастардың баянды өмір сүруі үшін алдағы бесжылдықта бар жағдайды жасамақ. Мәселен, Жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырып келе жатқан 21 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен жастардың мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Нақты айтқанда, жыл сайын 2 мың жасты «Жасыл ел» арқылы мезгілдік жұмысқа тартылады. Сондай-ақ, 3,5 мың жасты кәсіпкерлік оқудан өткізіп, олардың кәсіп ашуына, сол арқылы өз болашақтарын қалыптастыруына жағдай жасалмақ. Студент жастарды жүйелі біліммен қамту үшін олардың жатын орны маңызды рөл ойнайды. Алдағы бес жылдықта өңірдің 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салынбақ, - деді Ә.Әбсеметова.

 

Ақсулық ақсақал партияның оңтайлы ісіне, жүйелі жоспарына сәттілік тілеп, үміткерлерге ақ батасын берді.

 «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді 

Это может Вас заинтересовать