Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

Өңірде 71 медицина нысаны салынады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қуат Есдәулетов ZOOM платформасында медицина саласының өкілдерімен жүздесті. Кездесуде денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан алдағы жылдары медицина саласында атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттері сөз болды. Үміткер алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықпен 100 пайыз қамтуды көздейтінін айтты. Мұнан өзге, 2025 жылға дейін өңірде 71 медициналық нысан бой көтермек. Олардың қатарында, 7 емхана, 31 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункт және 16 медициналық пункт бар. Мұнан бөлек, сайлауалды бағдарламада көзделгендей облыстық кардиологиялық орталыққа жапсаржай салу, Іле ауданында 125 орындық перзентхана, Сарқан және Талғар аудандарында екі жұқпалы аурулар бөлімшесін салу жоспарланған.
- 2020 жыл әлем үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия адамзат өмірін, тіршіліктегі басымдықтарды өзгертіп, көптеген жағдайятқа басқаша қарауға мәжбүр етті. Қоғам басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсінді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Нақ істер партиясы өңір халқынының қолайлы аймақта өмір сүруі үшін жан-жақты қарекет етеді, - деді Қуат Есдәулетов.
Сала өңілдері тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға берді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады. Үміткер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать