Войти через

  • 8°C

Четверг, 18 апреля

Өңірде балабақша қажеттілігі 100 пайыз қамтылады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамтуда да нәтижелі жұмыс байқалады. «Nur Otan» партиясы пандемиялық ахуал сақталған жағдайда оңтайлы шаруаларды атқаруға даяр. Мәселен, өңірдегі осал отбасылардың балаларын компьютерлің техникамен толықтай қамтуды жоспарлауда. Міне, осындай келелі тақырыптарды білім саласының өкілдерімен ZOOM платформасы арқылы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Герман Нам өткізгенде айтылды. Үміткердің айтуынша, сайлауалды бағдарламада көзделген жоспарлар жүйелі жүзеге асса, өңірде ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаған түлектердің үлес салмағы 24 пайыздан 35 пайызға ойыспақ.
- Болашақ үшін білімнен асқан мығым капитал жоқ. «Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді баба жұрт тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партия сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелейді, - деді Герман Нам.
Жалпы өңірде 867 балабақша, 760 мектеп, 76 колледж бен 2 жоғары оқу орны бар. Партия алдағы уақытта білім саласының нысан сандарын ұлғайтпақ. Себебі үш ауысымдық мектептерді азайту не мүлдем жою негізгі тақырып болып тұр. Осы бағытта Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынады. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 100 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеуде.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлауқорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать