Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Өңірде ылғалды үнемдеу технологиялары игерілмек

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Сабетбек Нұрсейітов ZOOM платформасында ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде үміткер партияның сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығын өрістетуге негізделген басым бағыттарға тоқталып, жалпы еліміздегі жүйелі жұмыстарды сөз етті. Мұнан бөлек, ауылдағы ағайынның тұрмысындағы мәселелерді тыңдап, шешімді жолдарын қарастыру. Себебі, ауыл – қазақтың қара шаңырағы, алтын бесігі. Содан шықса керек, «Ауыл көркейсе, ел өркендейді» деген әңгіме. Қазір ауылдың өркен жайып, дамуына жасалып жатқан шаруа жетерлік. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеріп жүр.

Сондай-ақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын ілгерілету де партия назарынан тыс қалмайды. Мәселен, қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосып, 67 мың га суармалы жер қайта қалпына келтірілмек. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келе жатқаны байқалуда. Осы ретте 163,1 мың га жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың га жерге жеткізу сайлауалды бағдарлама арқылы жүзеге аспақ.

- «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Әрине, ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп отырмыз. Сондықтан алдағы саяси науқанда әрбір қазақстандықты белсенді болуға және , нақ істер партиясы - «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз қандай қиындық болмасын бірге еңсереміз, - деді үміткер.

 

Мұнан бөлек, Сабетбек Нұрсейітов ауылдағы жұмыссыздық жайын тарқатты. Оның айтуынша, партия осы мәселені шешуді негізгі бағыты етіп алған. Өңірдің сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей алдағы жылы 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Оның үштен бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өзегінде жүзеге аспақ.

 

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысыныңСайлауқорыныңқаражатынантөленді

Это может Вас заинтересовать