Войти через

  • 17°C

Пятница, 19 апреля

Ұйғыр ауданында амбулатория ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Жаңа амбулаторияда 12 қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевтік, педиатриялық, егу, емшара, хирургиялық эәне тағы басқа кабинеттер бар.

Аға дәрігер Саутахун Масутов айтуынша, дәрігерлік амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталған және ауыл тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсетуге арналған.

Аталған нысанды салуға облыстық бюджеттен 170,2 млн теңге бөлінген.

Фото: Ұйғыр ауданың әкімдігі.

 

Это может Вас заинтересовать