Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Көксу ауданы «Сервистік әкімдік» форматына көшті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Көксу ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Әкімдіктің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмас Әділ, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы - Серікбай Нұрғисаев, ҚР Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы - Данияр Тұрғанбаев қатысты.


Сервистік әкімдік мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылды. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындарымен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі болмайды.

«Оның үстіне уақыты тығыз қызмет алушы аудан орталығының түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызметті бір ғимараттың ішінен тауып, ісін қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізеді. Қызмет алушылар үшін залда барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің жұмысы 4 қағидамен жұмыс істейтін болады. Олар: ашықтық, қолжетімділік, қызмет көрсету сапасы және жайлылық.

Кеңсенің жалпы аумағы 60 шаршы м2 құрайды. Сервистік әкімдікте 6 аудандық жергілікті атқарушы органдарының мамандары орналастырылды. Онымен қоса, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» да жабдықталды. «Сервистік әкімдіктің» тағы бір ерекшелігі, барлық атқарушы органның қызметкерлері «Open space» әдісімен яғни, ашық алаңда отырып жұмыс істейді.


Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында сервистік әкімдік Үштөбе қаласында ашылған.

Фото: Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать