Войти через

  • 11°C

Пятница, 29 марта

Көксу ауданында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Көксу ауданы Балпық би кентінде Береке шағынауданында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Пәтерлердің 10 үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12 үйі көпбалалы аналарға, ардақты ана, алтын алқа иегерлеріне 5 үй, дәрігерлерге 2 үй, жанұясында мүгедек баласы бар отбасыларға 5 үй, I ,II топ мүгедектеріне 5 үй, зейнеткерлер мен жалғыз басты аналарға 11 үйдің кілті табысталды.

«Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан аудан орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатарының көбейе түсетіндігіне сенім мол. Биылғы жылдың өзінде ауданда  2917 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді аудан басшысы Алмас Әділ.

Жыл басынан осы бағдарлама аясында 41 отбасы баспаналы болып, тағы 7 отбасыға жаны жомарт жандар баспана сыйлады.

Жалпы ауданда баспана кезегінде 828 адам тұр. Қаңтар айында 20 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2020 жылы 20 және 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады.

Фото: Көксу ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать