Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы ұжымының балалары мерекені ата-аналарымен бірге өткізді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының кәсіподақ комитеті 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай аурухана ұжымының бүлдіршіндері үшін мереке ұйымдастырды. Арнайы дайындалған бағдарлама бойынша аниматорлар көрініс көрсетіп, балаларға сыйлық таратты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Аурухананың медицина қызметкерлері  балаларына мерекелік күй сыйлаған аурухана басшылығына алғысын білдірді. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Арман Тойбеков өз кезегінде балаларды меркесімен құттықтады.

«Пандемия кезінде медицина қызметкерлері  күні-түні қызмет атқарып жүргені өздеріңізге белгілі. Сол себепті дәрігерлер отбасына, балаларына  ата-ана ретінде қажетті деңгейде көңіл бөле алмауда. Осы мәселені ескере отырып, әріптестеріміздің атқарып жүрген еңбегіне алғыс ретінде балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлауды ұйғардық. Бала - ұлтымыздың болашағы. Бүлдіршіндер аман болып, жүздерінен күлкі кетпесін! Мереке құтты болсын», - деді аурухана директоры.

Сонымен қатар Forte bank қызметкерлері де балалар мерекесіне орай ауруханада ем қабылдап жатқан балаларға сыйлық таратты.

Это может Вас заинтересовать