Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Кәсіпкердің жосықсыз қатысушы еместігі дәлелденді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аралуысымен жеке кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу саласындағы құқығы қорғалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Белгілі болғандай, Алматы облысының ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар Ақсу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ЖК “Шынғыс” келісім-шарт бойынша өзіне алған міндеттемесін орындамағанын негізге ала отырып, сотқа берген. 

Кәсіпорын келісім – шартта көрсетілген мерзім – 2020 жылдың 14 мамыр деп белгіленгенін, алайда өнім беруші міндеттемесін орындамағанын алға тартты.

Сотта жауапкердің шарттық міндеттемелерді толық орындағаны,Тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы және іс-әрекетімен талап қоюшыға еш-бір жағымсыз салдар туындамағаны анықталды.

Сот, Қазақстан Республикасы АПК-нің 117, 223, 224, 225, 226- баптарын басшылыққа ала отырып, кәсіпорынның жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Осылайша ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің қолдауы арқасында Ақсу ауданының кәсіпкерін “қара тізімге” енбейтін болды.

Это может Вас заинтересовать