Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Қарабұлақта оқыту орталығы жұмыс істейді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ескелді ауданында оқушылардың білімін шыңдайтын, әрбір талапкер үшін маңызды сәт Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлайтын орталық жұмыс істейді. Жуырда ғана шымылдығын түрген «Арай Білім» орталығы Қарабұлақ елді мекенінің белді оқу орны Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан, tinfo.kz хабарлайды

«Арай Білім» орталығының ашылуына Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы М.Бектуров және мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысып, жаңашыл бастамаға сәттілік тілеген еді. Бүгінде орталықта 9, 10, 11 сынып оқушылары білімін шыңдауда.

Бұл орталық дәстүрлі түрде тақта және бормен, цифрландыруды дамыту тұрғысынан заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. «Арай Білім» оқу орталығы негізгі пәндер мен таңдау пәндері бойынша дайындайды. Орталық - білікті,тәжірибелі, жоғарғы санатты оқытушылармен жұмыс істейді. Оқытушылар шәкірттерді математикалық сауаттылық, тарих, оқу сауаттылығы және таңдау пәндері бойынша оқытады. Әр жұма күндері байқау сынама тестілеуі өткізіледі. Оқушылар білімді қазақ тілінде алады.

Д.Садық

Это может Вас заинтересовать