Войти через

  • 21°C

Четверг, 28 марта

Кәсіпкер болғым келеді: студенттер "Атамекеннен" бизнестің қыр-сырын үйренді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында Жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері қонақта болды. Арнайы экскурсияда студенттерге «Атамекен» қызметінің негізгі бағыттары түсіндіріліп, мамандар сұхбат берді. Палатаның облыстық аппаратымен бірге білімгерлер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен «Атамекен Жетісу» микроқаржы ұйымының жұмысымен танысты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Меруерт Бакибаева студенттердің кәсіп бастау бойынша сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қолдау шараларын айтып өтті. Сонымен қатар, Жоғары политехникалық колледжінің «Кәсіпкерлік, психология және іскерлік қатынастар» кафедрасының апталығы аясында өткен іс-шараларға белсенді ат салысқан студенттер марапатталып, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы табысталды.

Это может Вас заинтересовать