Войти через

  • 28°C

Пятница, 20 мая

Кәсіпкер ханымдар Талдықорған студенттеріне бизнестегі құпияларын ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Табысты адамдар құпиясы» атты кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кездесу мақсаты білімгерлердің бойында кәсіпкерлік туралы білім қалыптастыру арқылы заман талабына сай маман болуға дұрыс бағыт бағдар беру, кәсіпкерлік еңбекке баулу.

Студенттермен табысты оқиғаларымен кәсіпкерлер – Қазақстанның Үздіксіз білім беру қауымдастығының облыстық филиалының директоры, облыстық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Ясли-сад НурГазиз» ЖШС директоры Роза Егінбаева, «Өмеш» өнер орталығының директоры Айнаш Рыскельдинова бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің сарапшысы Айдын Астаубаев кәсіпкерлікті ашу мен мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің орыс тілі мен қазақ тілі пәндерінің оқытушысы Зәмзәгүл Есболатова, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Стартап» академиясының меңгерушісі Жігер Берліғожа мен студенттер сөз сөйлеп, іске асырылып жатқан жобалар туралы әңгімеледі.

Это может Вас заинтересовать