Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

 «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мұрындық болуымен 5 қазан күні Астана қаласында РҚБ конференциясы өтіп, Алматы облыстық мәслихатынан депутаттар Болатжан Нұрбеков және Алия Ақжолтаева қатысты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Күн тәртібінде аталған республикалық қоғамдық бірлестік еліміздегі демократиялық реформаларды жүргізудегі дәйекті белсенді ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқылау мәселесі қаралды, tinfo.kz хабарлайды

Бұған дейін республикалық Референдум кезінде конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге арналған іс-шаралар аясында азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында саяси жүйені өзгерту бағдарламасын іске асыру үшін «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ бастамасымен референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы (РҚШ) құрылды.  

Аталған қоғамдық штаб құрамына 30-ға жуық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, өнер саласының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, этномәдени ұйымдар мен білім саласының өкілдері кірген. 

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының белсенді жұмысы мен халықтың қоғамдық қолдауын сарапшылар жоғары бағалаған болатын.

Это может Вас заинтересовать