Войти через

  • 11°C

Вторник, 16 апреля

Қазақстандықтар 8,9 миллион теңгеге HAVAL M6 кроссоверлеріне алдын ала тапсырыс бере алады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап қазақстандықтар бюджеттік отбасылық Haval М6 кроссоверін сатып ала алады. Бұл модельді нарықта "Астана Моторс" компаниясының еншілес компаниясы – Haval Motor Kazakhstan ұсынатын болады.

Орташа өлшемді отбасылық Haval М6 кроссовері GWM концернінің бестселлері болған Haval H6 моделінің платформасына қарап жасалынған. Сондықтан қауіпсіздік бойынша көрсеткіштері тамаша. Былтыр Haval М6 моделіне рестайлинг жасалды. Енді қазақстандықтар бірден жаңа нұсқасымен танысатын болады.

Бұл модель біздің нарыққа 143 а.к жанармай қозғалтқышымен жеткізілетіндіктен көрсеткіші бойынша 202 Hm айналдыру жүйесін береді. Ал қозғалыс қорабын 6 сатылы механика етіп те, 7 сатылы робот түрінде де таңдауға болады. Haval M6 экологиялық класы Еуро-5 стандарттарына сай.

 

Haval M6 моделінде бас қатырарлық электроника көп емес. Дегенмен, көлік өте жайлы әрі қолайлы. Модельде жүргізушінің басқару көмекшілері алдын ала орнатылған. Өрден түсіп, көтерілген кезде, шұғыл тежеу жүйесі мен көмектесу жүйелері орнатылған. Одан бөлек алдыңғы орындықтарда жылытқыш пен кілтсіз кіру мүмкіндігі, артқа жүру камерасы мен артқы тұраққа қою қарастырылған.

Haval M6 автокөлік нарығындағы жаппай жаңартуларға үйренбегендер үшін өте қолайлы әрі оңай басқарылады. Әсіресе тач-басқарылатын медиажүйе аналогтық түймелермен және тұтқалармен тамаша үйлесімде. 

Haval M6 отбасылық автокөлігі – сенімді, кең әрі қауіпсіз. Бағасы да өзіне лайықты. Ол базалық жинақтамада 8 990 000 теңгеден басталады. Яғни Haval M6 – өз класында және Haval тізбегінде ең қолжетімді автокөлік.

Компания жаңа автокөлікті Haval дилерлік орталықтарында мамыр айында ұсынады. Ал 10 сәуірден бастап алдын ала тапсырыс беру басталмақ.

Айтпақшы, жуырда бұл модель отбасылық қана емес, сонымен қатар "үй көлігіне" де айналады! Дәл осы модель "Астана Моторс" компаниясының салынып жатқан мультибрендті зауытында өндірілмек. Демек, 2025 жылы "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар Haval M6 пайда болады. 

Толығырақ: 8 777 740 22 02

Instagram: @haval_taldykorgan

www.haval-tdk.kz

Это может Вас заинтересовать