Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Кеген кәсіпкерлеріне шағын цехтар ашу ұсынылды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Өткен аптада Кеген ауданында кәсіп ашамын деген азаматтар үшін жиын өтті. Ұзынбұлақ ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер, облыстық маслихат депутаты Сейдолла Сарсековтың қолдауымен "AQKER AGRO" директоры Нурлан Омар биогумус туралы арнайы таныстырылым өткізді. Биогумус органикалық тыңайтқыш. Калифорния шылаушындарын малдың қиына қосып, шылаушынды көбейтіп, топырақтың құнарлығын арттыруға болады.

"Prosnab service" ЖШС директоры Мухитдин Кутербаев ауылға қажетті және сұраныстағы шағын цехтар идеясымен бөлісті. Мысалы, ауданда шағын қасапхана, сүт цехы, қаптау цехы, қымыз құю цехы, ветлаборатория және т.б. жобаларды ашып, дамытуға болады. Өте керекті, ауылшаруашылық саласында жұмыс жасауға ыңғайлы жобалар. “Атамекеннің” филиал директоры Жанна Қырғызалықызы ұлттық палатаның кәсіпкерлерді қолдаудағы қызметін айтып, сұрақ қойған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар туралы түсініктеме беріп өтті.

Это может Вас заинтересовать