Войти через

  • 17°C

Вторник, 23 апреля

Кегендік жас кәсіпкер Алматы облысы әкімінің сыйлығын жеңіп алды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жас кәсіпкер, «Бизнес Кеңесші» жобасының түлегі Жанат Тәтібаев Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2021» сыйлығының «Үздік кәсіпкер» аталымының лауреаты атанды. Облыс әкімінің жыл сайынғы жастар сыйлығын табыстау рәсімі 29 қазанда Талдықорған қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың қатысуымен өтті.

28 жастағы кәсіпкер табысты іске асырылған жобалары үшін лайықты марапатқа ие болды. 2018 жылы ол кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының сүйемелдеуімен Кеген ауданының Қарқара ауылында 25 орындық "Хасан" балабақшасын ашты. Кейін ол "Бизнес Кеңесші" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, құс фабрикасын ашуға 3 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды.

Өткен жылы Кеген ауылында кәсіпкер өз қаражатына фастфуд мейрамханасын ашты.

«Сыйлық – алдағы дамуым үшін тағы бір ынталандырушы күш. Менің барлық жобаларым әлеуметтік бағдарланған. Жобаны іске қоспас бұрын ол әрқашан тұрғындарға, өңірге не жетіспейтінін талдап, кеңес алатынмын. Сондықтан жоспарларым көп», - деді Жанат Тәтібаев.

Жалпы, Кеген ауданында 2571 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді

Это может Вас заинтересовать