Войти через

  • 14°C

Пятница, 29 марта

Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

31 жастағы Бекзат Мыржиев Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Осыған дейін ол Кербұлақ ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Бекзат Мыржиев Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Қаржы бакалавры» мамандығын және «Алматы» Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009-2012 жылдары аралығында Жамбыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Жамбыл және Қарасай аудандарында округ әкімі қызметін атқарған.
2015-2016 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі, 2018-2019 жылдары Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Кербұлақ ауданы филиалының директоры, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Кербұлақ ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс атқарды.

Фото: Кербұлақ ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать