Войти через

  • 8°C

Пятница, 19 апреля

Кербұлақ ауданында 18 отбасы баспаналы болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тұңғыш президент күні қарсаңында Кербұлақ ауданында 18 отбасыға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Мемлекет басшысының «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында салынған үйлердің құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 285 млн 500 мың теңге бөлініп, баспана кезегінде тұрған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 18 жалгерлік тұрғын үй салынып берілді.

«Аталған тұрғын үйлер көп балалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балалары ауыр науқас және мүгедек, толық емес отбасы сияқты бірнеше санаттағы, кезегі келген 12 отбасына берілді. Сонымен қатар, аурухана, білім бөлімі мемлекеттік қызметкер өкілдері де баспанаға ие болды», - деп жазды аудан әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшада.

Еске салсақ, ауданда бұған дейін Нұрлы жер бағдарламасы аясында көп балалы аз қамтылған отбасыларға 20 тұрғын үй сатып алынып берілген болатын.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Кербұлақ ауданында үй кезегінде 11 санат бойыншп жалпы саны 881 адам тұр. Оның ішінде көп балалы аналар санаты бойынша 148 адам баспана кезегіне тіркелген.

Фото: Кербұлақ ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать