Войти через

  • 9°C

Среда, 24 апреля

Кербұлақ ауданында үш әкім ауысты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Аудандағы Сарыөзек, Сарыбастау және Қаспан ауылдық округтеріне жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

«Құрметті аудан тұрғындары! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 10 тармағына сәйкес, Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 9 қазанындағы №10 Қаулысымен Сарыбастау, Қаспан және Сарыөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Айта кетейік, округ әкімі жанама сайлау негізінде Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттарымен сайланады», - деп жазды Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигельдиев Facebook жеке парақшасында.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі болып Қайрат Сұлтанбек, Сарыбастау ауылдық округінің әкімі болып Ғалымбек Қалдаев, Қаспан ауылдық округі әкімі лауазымына Әділхан Рысбеков тағайындалды.

Фото: www.facebook.com/BigeldievMahabbat/.

Это может Вас заинтересовать