Войти через

  • 17°C

Суббота, 20 апреля

Кербұлақ ауданында жолдар жөнделуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ауылдың дамуы жолдардың жөнделуімен, көшелердің жарықтандырылуымен тікелей байланысты. Сарыөзек ауылының бірқатар көшелері тозығы жетіп, талай жылдан бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келген болатын. Тоғыз жолдың торабы саналатын  Кербұлақ ауданының тұрғындары үшін осы мәселе талай жылдан бері шешімін таппай келе жатқан еді. Нақтырақ айтсақ, көшелердегі шұнқырлар мен қазылған арықтар жөнделмей келген.

Осыған байланысты 2021 жылы бюджеттен қаржы бөлініп,  бірнеше көше­ге тас жол төселді. Атап айтсақ, Шұбар, Онжас, Аралтөбе ауылдарының ішкі көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жасалды. Бүгінгі таңда толықтай аяқталып қолданысқа берілді. Талдыбұлақ ауылдық округіне қарасты Бостан ауылының және Көксу ауылдық округіне қарасты Беріктас ауылының кірме жолдары жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» жолының 0-45 шақырымы және Сарыөзек ауылының айналма жолы 0-7 шақырымы бойынша жол жөндеу жұмыстарының негізгі қабатын қазу және тас төсеу жұмыстары  «Казахавтодор» ЖШС-сі «АЛАЦЕМ» ЖШС-сі мен бірлесіп жүргізілді.

Қазіргі уақытта аталған жолдың 45-68 шақырымына (Алтынемел асуына) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші АҚ ҰК «Казавтожол», Мердігер «РСУ-1» ЖШС-і. Жолдың негізгі қабаты бойынша жұмыстар шілде айында басталған болатын. Айта кетейік, Кербұлақ ауданының аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар жол «Сарыөзек - Көктал» 0-94 шақырымы «КазАвтожол» АҚ ҰК-ң теңгерімінде.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Раушан Бисембекқызы

 

 

 

 

Это может Вас заинтересовать