Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Кербұлақ ауданының экономикалық өсім қарқыны тұрақты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Аудан жұртшылығы ауыз толтырып айтылар қуанышқа бөлейтін, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы салынып жатыр. Аудан халқы үшін жағымды жаңалықтардың бірі – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында салынып жатқан Өнер мектебі.

Бір ауысымда 50 орынға есептелген, яғни күніне 300-ге жуық жас талантты балаларды қамту мүмкіндігі бар. Өнер мектебінде көркемдік сыныптар, фортепиано, қобыз, домбыра, баян және би студиясы бар. Сондай-ақ, техниканың соңғы нұсқасы бойынша жабдықталған 100 орындық акт залы да бар. Бұл өнер мектебі балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта алатын алғашқы нысан болатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ,  Сарыөзек ауылындағы 40 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы және 50 жеке үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған үйлер әкімдікке үй кезегіне тіркелген азаматтарға, соның ішінде алдымен көп балалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға реттілігі бойынша табыс­талады.

Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданда 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешені, 1 орталық әскери спорт клубының спорт кешені, 98 жазықтық құрылғылар, 39 спорт зал және 8 жапсарлас спорттық залдары ашылып, жалпы  147 спорттық нысан халыққа қызмет етуде.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Раушан Бисембекқызы

Это может Вас заинтересовать