Войти через

  • 11°C

Суббота, 20 апреля

Халық қалаулысы жас спортшыға ақысыз жаттықтыруға жолдамасын берді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Жетісу жерінде «Nur Otan» партиясынан сайланған халық қалаулыларының игі істері көпке үлгі. Олар бұқараның мәселесін тиісті билікке жеткізіп, өз тараптарынан да мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізіп келеді.
Соған бір мысал, Қарасай аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауында аудандық мәслихат депутаты Б.Сүнбеков қабылдауында 4 баланың анасы әлеуметтік көмеккке мұқтаж екендігін жеткізіп, баласының спорт үйірмесіне бергісі келетіндігін айтып, көмегін сұрады.
Аудандық мәслихат депутаты Б.Сүнбеков кейуананың мәселесін күні ертеңге созбай, өз назарына алып көмек көрсетті. Атап айтсақ, халық қалаулысы өтініш білдірген азаматшаның үйіне арнайы барып, азық түлік әкеліп, баласына жаттығуға арналған киіммен көмек көрсетті. Сонымен қатар, өзі жаттықтыратын «Киокушинкай-Кан Каратэ» үйірмесіне азаматшаның баласын шақырып, ақысыз жаттықтыратын жеткізді.
«Бұндай талпынысы жоғары балаларымыз шетте қалмай, елмен бірдей жаттығуы тиіс және мен өз кезегімде бұл азаматшаның мәселесін жерде қалдырмай кейуана баласына спорттық киім сыйлап, үйірмеда жаттықтыратынын айтып өттім. Ананың да баланың да қуанышында шек жоқ, болашақ чемпион болуына тілек білдірдім» деп халық қалаулысы Б.Сүнбеков ойымен бөлісті.

Это может Вас заинтересовать