Войти через

  • 18°C

Четверг, 25 апреля

Халық қалаулылары қаза тапқан азаматтармен сарбаздар отбасына көңіл айтты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Барлықтарыңызға мәлім, «Қасіретті қаңтар» деп аталып кеткен айда Талдықорған қаласында лаңкестермен күрес барысында облыстық Полиция департаментінің полиция лейтенанты Барғанаев Дархан Ермекұлы және әділет прапорщигі Ержан Ербол Тілеубекұлы қаза тапты.

Қайғылы жағдайға байланысты облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаев  және бір топ депутаттармен халық қалаулылары атынан батырларымыздың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың жақындарына әріптестердің аманатын жеткізіп, қаржылай көмектерін көрсетті.

Халық қалаулылары қаза тапқан марқұмдардың туысқандарына батырларымыз нағыз ерлік іс істеп, артынан қалған жары мен балаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық қажетті көмектер көрсетілетінін атап өтті.

Назарларыңызға сала кетсек, жылдам әрекет ететін арнайы жасақ инспекторы Дархан Ермекұлы 8 қаңтарда бүлікшілер қалалық полиция басқармасына шабуыл жасағанда, ал, әділет прапорщигі Ербол Тілеубекұлы бүлікшілердің тергеу изоляторына шабуыл жасаған кезінде ерлікпен қаза тапты.

Жалпы өңір депутаттары, қаза тапқан басқа да азаматтардың үйлерінде болып, отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Ел тұтастығы жолында батырлық танытқан азаматтарымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать