Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Әкімдік Қапшағайдағы медициналық қалдықтарға қатысты түсініктеме берді

TINFO
TINFO
Служба новостей

2021 жылғы 25 наурызда Қапшағай қаласының тұрғыны Шамаева Марианна өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан фото-бейнематериалдарды жариялаған болатын.

Бұл Қапшағай қаласының «Восточный» және 12 шағын аудандарының аралығында пайда болған көлшікте медициналық қалдықтардың тасталғаны белгілі болды. Нақты атап айтсақ, мұнда пайдаланылған шприцтер, науқастарға қойылатын системалық заттар, мақта, орама қағаз қораптарын көруге болады.

Осы мәлімет хабарланған сәттен бастап, қаланың тұрғын үй коммуналдық және өңірлік коммуналдық қызметінің қызметкерлері қоқыс тасталған орынға шығып, фото-бейне тіркеу және медициналық қалдықтарды жинау жұмыстарын жүргізді. Содан кейін, аталған медициналық қалдықтар талаптарға сәйкес толықтай жойылды.

Қазіргі уақытта, құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған белгісіз адамды немесе ұйымды анықтау үшін іс-шаралар жүргізуде.

Это может Вас заинтересовать